ТМД Сыртқы істер министрлер кеңесі отырысының қорытындылары шығарылды

БІШКЕК. ҚазАқпарат - ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесі отырысының қорытындысы бойынша сөйлеген сөзінде Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ағымдағы жылдың алдағы маңызды оқиғалары - Ұлы отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын, БҰҰ-ның 70 жылдығын және ЕҚЫҰ 40 жылдығын мерекелеу өтетіні туралы хабарлады.
None
None

Осы жылғы қазан айында Астанада өтетін ТМД мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына әзірлік туралы хабарланды. Мамыр айында Бурабай кентінде ТМД үкіметтері басшыларының отырысы өтеді. ТМД СІМ басшылары кеңесінің кезекті отырысы да 2015 жылдың күзінде Қазақстанда өтетіні жоспарланды.

«Біздің ықпалдастық бірлестігіміздің барлық салада - экономикада, гуманитарлық салада, қауіпсіздік пен білім салаларында әріптестік өзара іс-қимылды өрістете түсуіне зор әлеуеті бар екеніне тағы да көз жеткіздік», - деп атап көрсетті Е.Ыдырысов.

Қырғызстан сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаев қол қойылған құжаттар жөнінде хабарлады және Кеңестің барлық шешімдері ТМД кеңістігіндегі ықпалдастық үдерістерді дамытуға елеулі ықпал ететініне сенімін білдірді. «Барлығы 16 мәселе талқыланды. Атап айтқанда, 2016-2020 жылдарға арналған сыртқы шекараларда шекара қауіпсіздігін нығайту жөніндегі ынтымақтастық бағдарламасы қабылданды», - деп атап өтті Абдылдаев.

ТМД Атқару комитетінің төрағасы - атқарушы хатшысы Сергей Лебедев отырысқа Украина делегациясын қоса алғанда, ТМД-ның барлық 11 мемлекетінің өкілдері қатысқанын атап өтті.

«Барлық 16 мәселе бойынша шешімдер және құжаттар қабылданды. Отырыс барысында айтылған ескертулер енгізілгеннен кейін құжаттар жобалары ТМД үкімет басшылары кеңесі мен Мемлекеттер басшылары кеңесінің қарауына ұсынылады. Олардың барлығы да өте маңызды, мысалға мәдени бағыт бойынша бір құжаттың өзі 160 іс-шараны қамтиды», - деп атап өтті Лебедев.

Соңғы жаңалықтар