ТМД Үкімет басшылары бірқатар құжаттарға, соның ішінде Еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қол қойды
НКТ-ПЕТЕРБОР. 18 қазан. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Санкт-Петерборда ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысы өтті. Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды.
Атап айтқанда, Достастыққа мүше елдердің Үкімет басшылары Еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қол қойды. Барлығы 28 құжатқа қол қойылды.
Естеріңізге сала кетейік, ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысына ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов қатысты.