ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысы мен ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің отырысына Қырғызстан делегациясын Өмірбек Бабанов бастап барады

ШКЕК. 18 қазан. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Бүгін Қырғыз Республикасының бірінші вице-премьері, премьер-министрдің қызметін атқарушы Өмірбек Бабанов ТМД үкімет басшылары кеңесі мен ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің (үкімет басшылары деңгейіндегі) отырысына қатысу үшін Санкт-Петерборға аттанды.

ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысы мен ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің отырысына Қырғызстан делегациясын Өмірбек Бабанов бастап барады

Президенттік сайлау өтетін кезеңде үкімет басшысы Алмазбек Атамбев Министрлер кабинеті басшысының уәкілеттілігін Өмірбек Бабановқа тапсырған.

ТМД Үкімет басшыларының кезекті отырысында оған қатысушылар Достастыққа мүше мемлекеттердің ықпалдастық ынтымақтастығын дамытуға бағытталған бірқатар құжаттардың жобаларын қарап, шешім қабылдайды.

Қаралатын мәселелер қатарында экономикалық саладағы ынтыматастықты кеңейту мен тереңдетуге ерекше назар бөлінбек.