18:09, 30 Мамыр 2014 | GMT +5
ТМД үкімет басшыларының келесі кездесуі Ашхабадта өтеді
МИНСК. ҚазАқпарат - ТМД үкімет басшылары кеңесінің келесі отырысы Ашхабадта өтеді. Бұл туралы бүгін шағын құрамда ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысының нәтижесі бойынша атқарушы хатшы Сергей Лебедев хабарлады.
«Түркіменстанның ұсынысы бойынша ТМД үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысын осы жылғы 21 қарашада өткізу туралы шешім қабылданды», деп атап өтті ол.
Еске сала кетейік, кеңес отырысы бүгін Беларусь Республикасы Премьер-Министрі Михаил Мясниковичтің төрағалық етуімен Минскіде өтіп жатыр. Алқалы жиынға ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев бастаған қазақстандық делегация қатысуда.