Тоқаев БҰҰ-ның Нью-Йорктегі дебатында ТМД елдері басшылары арасында бірінші болып сөз сөйлейді
АСТАНА. KAZINFORM – 23 қыркүйекте Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық 80-сессиясының Жалпы дебаттың ашылуына қатысады.

Пленарлық отырысты БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясының төрағасы Анналена Бербок ашады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йорк уақыты бойынша шамамен сағат 13:00–14:00 аралығында сөз сөйлейді деп (Астана уақытымен 22:00–23:00 аралығында) жоспарланған.
Айта кетейік, Президент ТМД елдері басшыларының ішінде бірінші болып сөз сөйлейді. Барлығы 97 мемлекет басшысы қатысады.
Мемлекет басшыларының сөз сөйлеу кезегі:
1. Бразилия
2. АҚШ
3. Индонезия
4. Түркия
5. Перу
6. Иордания
7. Оңтүстік Корея
8. Қатар
9. Суринам
10. Литва
11. Португалия
12. Уругвай
13. Словения
14. Қазақстан
15. Оңтүстік Африка Республикасы (ОАР)
Айта кетелік Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке жұмыс сапары басталған еді.