Президент Қауіпсіздік кеңесінің жаңа құрамын бекітті
АСТАНА. KAZINFORM – Қауіпсіздік кеңесі аппараты басшысының орынбасарлары тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының өкімдерімен:
- Нұржан Хажимұратұлы Каджиақбаров Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі аппараты басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
- Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
- Геннадий Иванович Зуев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі аппараты басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Айта кетелік Қауіпсіздік кеңесі аппаратының басшысы тағайындалған еді.