Тоқаев пен Путин Омбыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филиалын ашуға рұқсат берді

АСТАНА. KAZINFORM – Башқұртстанда өтіп жатқан кезекті өңіраралық ынтымақтастық форумға онлайн-режимде қатысқан Қазақстан мен Ресей президенттері Омбыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалын ашуға рұқсат берді.

Омбыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филиалы
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметі бойынша, жоғары оқу орнының филиалы талапкерлерді 2025 жылдың қыркүйегінен бастап қабылдайды. Қазақстан мен Ресей Үкіметі студенттерді оқыту үшін 200 білім беру грантын бөлуді қарастырған.

Омбыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филиалы
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Мұнда «Халықаралық құқық», «Қазақ филологиясы» және «Кеден ісі» сияқты білім беру бағдарламалары бойынша бакалаврлар мен магистранттарды даярлайды. Болашақта қос дипломды білім беру бағдарламасы жүзеге асырылмақ.

Дәрістер қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі деп жоспарланған.

Омбыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филиалы
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Сондай-ақ, шетелдік ғалымдарды да білім беру процесіне тарту көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар