Тоқаев Путинге қос халықтың ұлы тұлғалары бейнеленген ерекше сыйлық табыстады
АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге қос халықтың ұлы перзенттері Шоқан Уәлиханов пен Федор Достоевский бейнеленген картинаны тарту етті. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
Айта кетейік, Президент Қазақстан–Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбыға барды.
Президент майдангер Кемел Тоқаевқа арналған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды.
Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті. Кездесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты күн тәртібіндегі ауқымды мәселелерді талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге Омбы төрінде қонақжайлық танытқаны үшін алғыс айтты.
Мемлекет басшысы Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеу мәселесіне қатысты өз ұстанымын жеткізді.
Одан кейін Мемлекет басшысы XXII Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты.