Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Тоқаев сайлауды ашық әрі тең жағдайда өткізуді тапсырды

АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Касым-Жомарт Токаев принял председателя ЦИК Нурлана Абдирова
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысына биыл 23 тамыз күні өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына дайындық барысы туралы мәлімет берілді.

Президент бұл сайлау науқанының тарихи сипаты мен қоғамдық-саяси маңызы айрықша екенін атап өтті.

— Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауды «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде ашық әрі барлық қатысушыға тең жағдай жасау арқылы өткізу қажеттігіне баса назар аударды, — делінген хабарламада.

Бұған дейін саяси партия өкілдерінің командалық теледебаты қалай өткенін жазған едік.