Тоқаев Сербияның қорғаныс өнеркәсібі өнімдерінің көрмесіне барды

БЕЛГРАД. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия Президенті Александр Вучичпен бірге Белград маңындағы «Батайница» аэродромына қойылған әскери-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының көрмесін аралады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Тоқаев
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Сербия — әскери мақсаттағы тауарлардың экспорты бойынша аймақтағы көшбасшы ел.

Тоқаев
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қазір Сербияның қорғаныс өнеркәсібі өнімдері әлемнің 70 мемлекетіне, соның ішінде БАӘ, Сауд Арабиясы, АҚШ, Болгария, Индонезия сияқты елдерге жеткізіледі.

Тоқаев пен Сербия президенті
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Көрмеде құрлық әскерінің жауынгерлік техникаларының, сербиялық қару-жарақпен жабдықталған тікұшақтардың, әуе қорғанысы жүйелерінің, атыс қаруларының, артиллериялық және басқа да оқ-дәрілердің, миналар мен минометтердің үлгілері ұсынылған.

Сербия әскері
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Сербияның осы бағыттағы мол тәжірибесі Қазақстанның қорғаныс әлеуетін нығайтуға ықпал ете алады.

әскери техника
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Еске салсақ, бұған дейін Мемлекет басшысы Сербия Премьер-министрімен кездескен еді.

Тоқаев, Президент
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Сонымен қатар, Президенттің Сербияға ресми сапары аясында 10 құжатқа қол қойылғаны хабарланды.

әскер
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

 

Соңғы жаңалықтар