Президенттің Сербияға ресми сапары аясында 10 құжатқа қол қойылды

АСТАНА. KAZINFORM — Келіссөздерден кейін мемлекеттер басшыларының қатысуымен қол қойылған құжаттарды алмасу рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан мен Сербия
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
СІМ
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
құжат алмасы
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қазақстан Президентінің Сербияға ресми сапары аясында мынадай құжаттарға қол қойылды:

  1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы тұлғаларды реадмиссиялау туралы келісім;
  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы қорғаныс саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
  3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Сербия Республикасының Білім министрлігі арасындағы білім саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Сербия Республикасының Еңбек, жұмыспен қамту, ардагерлер ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
  5. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі мен Сербия Республикасының Туризм және жастар министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
  6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Сербия Республикасының Статистика басқармасы арасындағы өзара саудада статистикалық деректер алмасу саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама;
  7. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Сербия Республикасының Ғылым, технологиялық даму және инновациялар министрлігі арасындағы ғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
  8. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Сербия Республикасының Ақпарат және телекоммуникациялар министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
  9. Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы мен Сербия Республикасының Ұлттық кітапханасы арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;
  10.  Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен Сербия Республикасының Халықаралық саясат және экономика институты арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.
Руслан Жақсылықов
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Сербия Президенті Александр Вучичпен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кейіннен екі ел басшылары кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізгені хабарланды.

Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Сербияға кеше ұшып барды. Бүгін Сербия сарайының алдындағы алаңда Қазақстан Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті.

Соңғы жаңалықтар