Тоқаев Шушадағы Түркі мемлекеттері ұйымы бейресми саммиті өтетін ғимаратқа келді

ШУША. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Әзербайжан Республикасы Президентінің Шуша ауданындағы арнаулы өкілдігінің ғимаратына келді.  

Токаев и Алиев
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевты Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қарсы алды.

әзербайжан
Фото: Ақорда

Сәлден кейін Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті басталады. 

Саммит «Көлік, коммуникация және климаттық өзгерістерді бақылау арқылы баянды болашақ құру» тақырыбында өтеді.

Токаев и Алиев
Фото: Ақорда

Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс сапарымен Әзербайжанда жүргенін хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар