Тоқаевтан кейін Мирзиёев Пәкістанға мемлекеттік сапармен барды

ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Бүгін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Пәкістанға мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Тоқаевтан кейін Мирзиёев Пәкістанға мемлекеттік сапармен барды
Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

Өзбекстан басшысын «Нурхан» әуежайында Пәкістан президенті Асиф Али Зардари мен премьер-министр Шахбаз Шариф қарсы алды.

Сапар бағдарламасына сәйкес, бүгін Шавкат Мирзиёев Пәкістан Қарулы Күштері құрлық әскерлерінің қолбасшысы Асим Мунирмен, премьер-министр Шахбаз Шарифпен келіссөз жүргізеді.

Тоқаевтан кейін Мирзиёев Пәкістанға мемлекеттік сапармен барды
Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

Ертең, яғни 6 ақпанда Өзбекстан басшысы Пәкістан президенті Асиф Али Зардаримен кездеседі, сондай-ақ бірлескен бизнес-форумға қатысады.

Жоспарға сай, тараптар өзара тауар айналымын арттыру, өнеркәсіп, логистика, инфрақұрылым және туризм саласындағы кооперация жобаларын ілгерілету мүмкіндіктерін талқылайды. Бұған қоса, олар халықаралық және өңірлік маңызды мәселелер бойынша пікір алмасады.

Тоқаевтан кейін Мирзиёев Пәкістанға мемлекеттік сапармен барды
Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

Келіссөз қорытындысы бойынша бірлескен декларация қабылданып, әр басым бағыт төңірегінде тиісті келісімдерге қол қойылады.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 3-4 ақпан күндері Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барды.

Оның барысында тараптар өзара тауар айналымын 1 млрд долларға жеткізуге уағдаласып, Стратегиялық серіктестік туралы бірлескен декларацияға қол қойды. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум