Токио Олимпиадасын тоқтатқаннан гөрі екі жылдан кейін өткізген жөн - Харуюки Такахаши

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Токиода алдағы Жазғы Олимпиада ойындары коронавирусқа байланысты тоқтатылған жағдайда бір немесе екі жылдан кейін өтеді. Бұл туралы The Wall Street Journal Токио-2020 атқарушы комитетінің мүшесі Харуюки Такахашиға сілтеме жасап хабарлайды.
None
None

Оның айтуынша, басқа нұсқалар, мысалы, Олимпиаданы көрерменсіз өткізу немесе толығымен тоқтату ауыр қаржылық зардаптарға соқтыруы мүмкін.

«Жазғы ойындар тоқтатылады деп ойламаймын», — деп мәлімдеді Такахаши.

Еске сала кетейік, Токиода Олимпиада шілденің 24-інен 9 тамыз аралығында өтеді. Ал Паралимпиада ойындары 25 тамыздан 6 қыркүйекке дейін болады.


Соңғы жаңалықтар