Токиода Қазақстан елшісі А.Камалдинов жапондық «NEXI» корпорациясының төрағасы Хидехиро Конномен кездесті

АСТАНА. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат - Қазақстан елшісі Ақылбек Камалдинов өткен аптада Токиода Экспортты және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі «NEXI» жапондық корпорациясының төрағасы Хидехиро Конномен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әңгіме барысында «NEXI» компаниясының басшысы Қазақстанның әлеуметтік-даму көрсеткіштерімен және ел экономикасын әрі қарай дамыту бағытында республика Үкіметі қабылдап жатқан шаралармен таныстырылды. Елші жапон тарабын сондай-ақ, жақында Қазақстанда құрылған «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының мақсат-міндеттері жайлы хабардар етті және оның назарына серпінді инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалардың тізбесін ұсынды. Өз кезегінде Х.Конно мырза, инвестициялық қызметтер үшін жайлы жағдай жасауға бағытталған Қазақстан Үкіметінің күш-жігеріне жоғары баға берді және NEXI корпорациясының ынтымақтастыққа әзір екенін білдірді. 2005 жылы «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы мен жапондық Mizuho Corporate Bank LTD компаниясының арасындағы экспорттық қаржыландыру жөніндегі тәуекелдерді алғаш рет қамсыздандырған NEXI корпорациясы болатын. Содан бері ол көптеген жобаларды сақтандыруға атсалысып келеді.
Соңғы жаңалықтар