20:52, 15 Қаңтар 2009 | GMT +5
Токиода ҚР Елшісі А.Камалдинов «JICA» агенттігінің президентімен кездесті
АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат – Токиода ҚР Елшісі Ақылбек Камалдинов «JICA» Жапон халықаралық ынтымақтастық агенттігінің президенті Садако Огатамен кездесті, оның барысында Қазақстан мен Жапония арасында Жапония Үкіметінің ресми көмекті дамыту желісі арқылы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселелері талқыланды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әңгіме барысында «JICA» агенттігінің қазақстандық экономиканы жаңартуға бағытталған серпінді инфрақұрлымдық жобаларға қатысуы және отандық кәсіпорындарда озат технологияларды енгізу және техникалық ынтымақтастық ауқымында өзара іс-қимылды жандандыру мәселелері талқыланды. С.Огата ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын көтеруге және елде және тұтас Орталық Азияда тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған саяси және экономикалық реформаларына жоғары баға берді және «JICA» агенттігінің Қазақстан мен Жапонияның өзара тиімді әріптестігін дамытуға қатысуға әзір екендігін білдірді. 2008 жылғы қазанның 1-інде «JICA» Жапон халықаралық ынтымақтастық агенттігі мен «JBIC» Жапон халықаралық ынтымақтастық банкі қосылып, әлемдегі ірі ұйымдардың бірі құрылған болатын. «JICA» техникалық және қаржылық көмек көрсетумен қатар, әлемнің әртүрлі елдерінен 8 мыңнан астам маманды оқу мен тәжірибе алмасудан өткізеді.