Томск облысы Астанада роботтар шоуын көрсетеді

ТОМСК. 20 ақпан. ҚазАқпарат - 20-22 ақпан күндері Астанада өтетін «ХХІ ғасырдың білімі мен ғылымы» атты Х халықаралық көрмесінде Томск облысының ұжымдық экспозициясы жұмыс істейді.

Томск облысы Астанада роботтар шоуын көрсетеді

«Стендте алғаш рет Томск қаласы университеттерінің ұжымдық экспозициясы ұсынылатын болады. Көрмеге келушілер білім берудің жаңа технологияларымен, ЖОО-лар жанында ғылымды қажетсінетін кәсіпорындарды құру тәжірибесімен, Томск облысының бірегей білім беру ортасымен таныса алады. Көрмеде «Томскінің инновациялық брендтері» байқауынының жеңімпаз-компаниялары өздерінің туындыларын ұсынады. Экспозицияның жұмыс істеу күндерінде Томск стендінде роботтар көрмесі көрсетіледі», - деп хабарлады Томск облысы әкімшілігінің баспасөз қызметінен.

Көрменің іскерлік бағдарламасының аясында «Томск облысының Қазақстан Республикасымен ынтымақтастығының әлеуеті» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтеді. Томск тарапынан оған губернатордың ғылыми-білім беру кешені және инновациялық саясат жөніндегі орынбасары Алексей Князев, жоғары кәсіби білім беру жөніндегі облыстық департаменттің бастығы Алексей Пушкаренко, томскілік ЖОО-лар мен инновациялық компаниялардың өкілдері қатысады.

Астанаға сапарының барысында А.Князев сондай-ақ Назарбаев Университеті мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде, «Астана - Жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы мен Биотехнология ұлттық орталығында болады.

21 ақпанда Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де Алексей Князев «Химия саласындағы инновациялық зерттеулерді енгізудің Томск тәжірибесі» тақырыбында дәріс оқиды. Ол С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде көрсетілетін болады.