Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Төрехан Асанхан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

АСТАНА. KAZINFORM — Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына күміс жүлде түсті, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Торехан Асанхан завоевал серебро чемпионата Азии по тяжелой атлетике
Фото: olympic.kz

Төрехан Асанхан 70 келіге дейінгі салмақта жас жеткіншектер арасында екінші орын алды.

Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 269 (119+150) келіні еңсерді.

Таиланд өкілі Витчая Пратхумта алтын жүлдеге ие болды — 273 (119+154) келі.

Иран спортшысы Реза Замани үздік үштікті түйіндеді — 268 (122+146) келі.

Бұған дейін Ксения Прозорова Ташкентте ауыр атлетикадан Азия және әлем рекордын жаңартқанын жазғанбыз.