Ксения Прозорова Ташкентте ауыр атлетикадан Азия және әлем рекордын жаңартты
АСТАНА. KAZINFORM - 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстандық ауыр атлетиканың жұлдызы Ксения Прозорова Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Қазақстанның ауыр атлетика федерациясынң баспасөз қызметі.
Айта кетейік, ол жұлқа көтеру жаттығуында 94 келі нәтижесімен Азия және әлем рекордтарын жаңартты.
Екінші орынды 90 келі нәтижесімен Иран спортшысы, ал үшінші орынды 89 келі нәтижесімен Өзбекстан спортшысы иеленді.
Ксения жарыстың алғашқы жаттығуында-ақ осындай басымдықпен бастады.
Жарыс қорытындысы бойынша Ксения 2 алтын медаль жеңіп алып, 3 әлем рекордын және 3 Азия рекордын жаңартып, Азия чемпионатындағы қыздар арасында абсолютті көшбасшы атанды.
Ксенияның нәтижелері:
* Жұлқа көтеру – 94 кг
* Серпе көтеру – 110 кг
* Қоссайыс нәтижесі – 204 кг
Ксения Прозорова жеке жаттықтырушылары Азамат Абатұлы Нуруллаев пен Эмир Азаматұлы Абатовтың жетекшілігімен жаттығады.
Осыған дейін 15 жастағы Снежана Қашқарованың Өзбекстанда өтіп жатқан Азия чемпионатында 5 алтын иеленгені туралы жаздық.