Төрехан Сабырхан Азиаданың финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында бокстан жартылай финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

бокс
Фото: ҰОК

Әлем чемпионы, 70 келідегі Төрехан Сабырхан 1/2 финалда Шавкатжан Болтаевпен (Өзбекстан) кездесті.

Алғашқы минуттан отандасымыз толықтай басымдықты қолға алып, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті. Есеп: 5:0.

Финал 2 қазанда өтеді.

Бұған дейін хабарғанымыздай, Махмұд Сабырхан Азиаданың қола жүлдегері атанды.