Төрешіні балағаттаған Самат Смақов 4 ойыннан шеттетілді

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан талдықорғандық «Жетісу» командасының бас бапкері Самат Смақов Қазақстан Премьер-лигасының алдағы 4 ойынына қатыспайды. 

Төрешіні балағаттаған Самат Смақов 4 ойыннан шеттетілді
Фото: qazsporttv.kz

Бұл шешім ҚФФ-ның Бақылау, тәртіптік және этикалық комитетінің отырысында қабылданды. 

Смақов Қазақстан Премьер-лигасының V турындағы «Ордабасы» мен «Жетісу» кездесуінде бас төрешіге тіл тигізіп, әдепсіз сөздер айтқан. Осыған байланысты ол төрт ойыннан шеттетілді. 

Айта кетсек, аталған кездесуде талдықорғандық клуб қарсыласына 0:1 есебімен жол берді.  

Қазір турнир кестесінде бес ойыннан кейін 3 ұпаймен 11-орында келеді.

Самат Смақов «Жетісу» командасы бас бапкері қызметіне өткен жылдың желтоқсан айында келді. Оған дейін Бірінші лигада Семейдің «Елімай» клубына жетекшілік жасаса, одан кейін «Астана» клубының спорттық директоры қызметтерін атқарды. 

Соңғы жаңалықтар