Трамп әкімшілігі Гарвардты шетелдік студенттерді оқыту құқығынан айырды

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрлігі Гарвардты шетелдік студенттерді оқыту құқығынан айырды. Тиісті бұйрыққа ведомство басшысы Кристи Ноэм қол қойды, деп хабарлайды ВВС.

Гарвард
Фото: thecollegepost.com

Университет енді студенттік виза алуға қажетті құжаттарды бере алмайды. Қазірдің өзінде оқып жатқан шетелдіктер басқа университеттерге ауысуға мәжбүр болады, әйтпесе олар депортацияға ұшырайды. 

- Әкімшілік Гарвардты зорлық-зомбылық, антисемитизм және Қытай Коммунистік партиясымен байланыстарды қоздырғаны үшін жауапты деп санайды, - деді Кристи Ноэм.

Ол сондай-ақ «университеттер үшін шетелдік студенттерді қабылдау құқық емес, артықшылық» екенін атап өтті. 

Гарвард бұл шешімді заңсыз деп атап, халықаралық студенттер университет пен елді байытады деп мәлімдеді. Қазіргі уақытта университетте 7 мыңға жуық шетел азаматы білім алыр жатыр – бұл студенттердің жалпы санының төрттен бірінен астамы.

Бұған дейін АҚШ Гарвардқа бөлінетін 2,2 миллиард доллар мемлекеттік қаржыландыруды тоқтататынын жазған болатынбыз

Содан кейін Трамп әкімшілігі Гарвардтан шетелдік студенттерді қабылдау құқығын алып қоймақ болды

Ал Гарвард университеті Трамп әкімшілігін сотқа берді

Соңғы жаңалықтар