АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы қандай жағдайда аяқталуы мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM — Америка президенті Дональд Трамп АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы алға қойған мақсаттарға жеткенше жалғасады деп мәлімдеді. Бұл туралы Report агенттігі жазды.

АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы қандай жағдайда аяқталуы мүмкін
Фото: Anadolu

— Біз жұмыс аяқталмайынша кетпейміз. Бұл өте жылдам болады, — деді Дональд Трамп.

Ол соңғы 11 күнде АҚШ күштері «Иранды іс жүзінде жойды» деп мәлімдеді. Сондай-ақ Иранда енді радарлар мен әуе қорғанысы жоқ екенін айтты. 

Трамп Тегеран ұшырған зымыран мен дрондардың саны қақтығыстың алғашқы күндерімен салыстырғанда 85-90%-ға қысқарғанын, одан бөлек, Иран әскери-теңіз күштерінің 58 кемесі жойылғанын мәлімдеді.

Айта кетейік, Дональд Трамп Иранға қарсы соққылардың қарқынын күшейтетінін ескертті. Ол «АҚШ бұрынғыдан 20 есе қатты соққы береді» деп қорқытты.