Трамп «Бейбітшілік кеңесі» жарғысына Давоста 22 қаңтар күні қол қояды

АСТАНА. KAZINFORM – Дональд Трамп «Бейбітшілік кеңесі» жарғысына 22 заңтар күні Давоста қол қоюды жоспарлап отыр.

Трамп
Фото: pbs.org

Bloomberg агенттігі дереккөздерге сілтеме жасап хабарлағандай, Газа секторындағы ахуалды реттеу үшін құрылған органның өкілеттігі мен жарғысының түпкілікті нұсқасы Дүниежүзілік экономикалық форум аясында бекітілмек.

Дереккөздердің мәліметінше, Дональд Трамп шақырылған мемлекеттерге құжатқа бейсенбі күні-ақ қол қойдыртқысы келеді. Бұл бастаманы ресми түрде іске қосуға мүмкіндік береді.

Жарғының жобасына сәйкес, АҚШ президенті «Бейбітшілік кеңесінің» алғашқы төрағасы атанып, жаңа қатысушыларды шақыру жөніндегі шешімді жеке өзі қабылдау құқығын сақтап қалады.

Ұйымның тұрақты мүшесі мәртебесін алу үшін АҚШ әкімшілігі мемлекеттерден алғашқы жыл ішінде кемінде 1 миллиард доллар көлемінде жарна аударуды талап етіп отыр.

Бұған дейін Дональд Трамп Газа секторын қалпына келтіруді үйлестірумен айналысатын «Бейбітшілік кеңесінің» құрылатынын жариялаған болатын. Бұл мәлімдеме АҚШ-тың Таяу Шығыс жөніндегі арнайы өкілі Стив Уиткоффтың өңірде атысты тоқтату режимінің екінші кезеңі басталғаны туралы хабарынан кейін жасалды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум