Трамп балаларды вакцинациялау ұсынысын өзгерту туралы жарлыққа қол қойды
АСТАНА.KAZINFORM - АҚШ президенті Дональд Трамп қызылша, паротит және қызамыққа қарсы MMR вакцинасы қауіпті болуы мүмкін екенін мәлімдеді және аутизм қаупін азайту үшін осы үш вакцинаны бөлек енгізуді талап етті, деп хабарлайды New York Post.
Трамп жарлыққа денсаулық сақтау министрі Роберт кіші Кеннедимен бірге қол қойды және әкімшілік балаларды вакцинациялау бойынша ұсыныстардың «алтын стандартын» 17 емес, тек 11 негізгі ауруға ғана қарастыратынын атап өтті.
Президент жас балаларға арналған вакцинациялардың қауіпсіздігіне күмәнмен қарады.
-Біз MMR вакцинасы әртүрлі уақытта жасалатын үш бөлек вакцинадан тұруын қаладық. Оларды бірге салу өте қауіпті болуы мүмкін, ал жеке алғанда қауіп болмайды. Сондықтан біз MMR вакцинацияларын әртүрлі уақытта жасатқымыз келеді, - деді Дональд Трамп.
Трамп сонымен қатар ата-аналардың балалары қандай вакцинация алатынын таңдау мүмкіндігі болатынын да атап өтті.
Бұған дейін Конгода Эбола індеті босқындарға арналған лагерьлерге таралғаны хабарланған болатын.