Трамп чиптер бойынша 2,9 млн долларлық келісімді болдырмауды бұйырды

АСТАНА. KAZINFORM — Президент Дональд Трамп жұма күні АҚШ ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне қауіп төндірген 2,9 млн доллар сомасына компьютерлік чип келісімін болдырмауды бұйырды, деп хабарлайды NBC News.

чипы США
Фото: curzioresearch.com

Іскерлік мәміле туралы 2024 жылдың мамыр айында Байден әкімшілігі кезінде жарияланды.

Келісім шарттары бойынша, аэроғарыш және қорғаныс саласында мамандандырылған Emcore Corp. компаниясы компьютерлік чиптер мен жартылай өткізгіш пластиналарды өндіруге арналған жабдықтарын HieFo компаниясына 2,92 млн долларға сатты.

Бірақ Трамп HieFo компаниясынан бұл технологияны 180 күн ішінде сатуды талап етіп, компанияның қазіргі иесі Қытай азаматы екенін көрсететін «сенімді дәлелдерді» келтіріп отыр.

HieFo компаниясын доктор Гензао Чжан мен Гарри Мур құрған.

Бұған дейін Трамп NVIDIA-ға ЖИ үшін кейбір чипті Қытайда сатуға рұқсат беретінін жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар