Трамп Иранға соққы жасау мүмкіндігі туралы ескертті

АСТАНА. KAZINFORM – Иранмен келіссөздер бойынша ешқандай белгі жоқ. Осыған қарай АҚШ-тың мәлімдемесі жағдайды одан сайын ушықтырып жіберді, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Время на исходе: Трамп предупредил Иран о жестком ударе
Фото: Ақ үй

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен келіссөз жүргізудің мерзімі өткенін, ал АҚШ-тың ендігі соққысы 2025 жылғыдан әлдеқайда күшті болатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол сәрсенбі күні өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Дональд Трамптың айтуынша, аймаққа USS Abraham Lincoln әуе ұшақтарын тасымалдаушы кемесі бастаған ірі әскери-теңіз тобы кетті. АҚШ көшбасшысы Иранның кеіссөздер жүргізіп, ядролық қарудан бас тартуды көздейтін келісімге келеді деген үмітте екенін жеткізді.

— Уақыт тығыз. Мен Иранға бұған дейін келісімге келу керектігін айттым, — деді Трамп.

Оның сөзінше, егер келісім жасалмаса, салдары былтыр Иранның ядролық инфрақұрылымына қарсы жүргізілген операциядан да ауыр болуы мүмкін.

Бұған дейін Иран тарапы Вашингтонмен байланыс орнады деген ақпаратты жоққа шығарған болатын. Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арагчи соңғы күндері АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Уиткоффпен хабарласпағанын және келіссөздер жүргізу туралы ешқандай өтініш жолданбағанын мәлімдеді.

— Қоқан-лоққы жағдайында келіссөз жүргізу мүмкін емес. Диалог тек қысым мен шектен тыс талаптар болмаса ғана ғана жүзеге асады, — деді Иран СІМ басшысы.

Ол сонымен қатар жекелеген делдалдар кеңес беру жұмыстарын жалғастырып, Тегеранмен байланысын үзбегенін айтты.

Бұған дейін Иран президенті Масуд Пезешкиан Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманмен әңгіме барысында Тегеран халықаралық құқық аясында соғыстың алдын алуға және аймақтағы шиеленісті төмендетуге бағытталған кез келген бастаманы құптайтынын жеткізген еді.

Осыған дейін Иран президенті мен Сауд Арабиясының тақ мұрагері Таяу Шығыстағы шиеленісті азайтуға дайын екенін мәлімдегені туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар