Трамп мамыр айында Сауд Арабиясы, Қатар және БАӘ-ге сапарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — Бұл туралы Ақүйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт брифинг барысында мәлімдеді, деп жазады Анадолы.

Дональд Трамп в мае посетит Саудовскую Аравию, Катар и ОАЭ
Фото: АА

Ақүйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт АҚШ президенті Дональд Трамп 2025 жылдың 13-16 мамыры аралығында Сауд Арабиясына, Қатарға және Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) баратынын айтты.

Ливитт Трамптың үш елге сапар шегетінін айтып, бірақ сапардың егжей-тегжейіне тоқталмады.

АҚШ президенті алдыңғы кейбір мәлімдемесінде мамыр айында Сауд Арабиясына сапарлайтынын айтқан еді.

Осыған дейін Трамп Signal чатындағы жанжал аясында Пентагонға қолдау білдіргенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар