Трамп Мексика мен Канада келісімін қайта қарайды – Говард Лютник
АСТАНА. KAZINFORM – Сауда министрі Говард Лютниктің мәлімдеуінше, президент Дональд Трамп Америкадағы жұмыс орындарын қорғау үшін келесі жылы АҚШ-Мексика-Канада келісімін (USMCA) қайта қарауы мүмкін, деп хабарлайды FOX Business.

- Бұл өте орынды. Менің ойымша, президент USMCA келісімін міндетті түрде қайта қарайды, бірақ бұл бір жылдан кейін болады, - деп хабарлады Говард Лютник.
USMCA мерзімінің бөлігі болып табылатын бұл келісімді әр алты жыл сайын қайта қарауға мүмкіндік береді.
- Ол Америкадағы жұмыс орындарын қорғағысы келеді. Ол Мичиган мен Огайода жасауға болатын көліктердің Канадада немесе Мексикада шығарылғанын қаламайды. Бұл америкалық жұмысшылар үшін жақсырақ, - деп мәлімдеді сауда министрі.
Лютник Трамптың сауда мен тарифтерге деген көзқарасын жоғары бағалап, президент «мұны дұрыс істеп жатыр, президент америкалық жұмысшыларды қолдайды, олар оны сондықтан сайлады» деп мәлімдеді.
АҚШ, Мексика, Канада арасындағы келісімі (USMCA) 2020 жылдың 1 шілдесінде күшіне енді және ол 510 млн-нан астам халқы бар әлемдегі ең ірі еркін сауда аймақтарының бірі. Келісім теңгерімді сауда ортасын қалыптастырып отыр және қатысушы елдер экономикасының өсуіне ықпал етті.
АҚШ-тың Канада және Мексикамен сауда соғысы 2025 жылдың 1 ақпанында басталды. Трамп сол кезде «заңсыз иммигранттар мен есірткіден туындайтын төтенше қауіп» туралы айтып, Канада мен Мексикадан келетін импортқа қосымша 25% баж салығын енгізді.
Бұған дейін АҚШ 1 тамыздан бастап ЕО мен Мексика тауарларына 30% кедендік баж салығын енгізетіні туралы жазған болатынбыз.