Канада мен Мексика АҚШ-қа қарсы баж салығын енгізбек

АСТАНА. KAZINFORM — Канада америкалық тауарларға жалпы құны 155 млрд канадалық доллар шамасында 25% тарифтер енгізеді, деп хабарлайды ТАСС.

Канада и Мексика вводят ответные пошлины против США
Фото: usatoday.com

Ал Мексика Вашингтонмен диалог орнатуды ұсына отырып, тарифтік және тарифтік емес шектеулер дайындайды.

Канада Премьер-министрі Джастин Трюдо 6 ақпаннан бастап құны 30 млрд CAD-ты, ал 21 күннен кейін тағы 125 млрд CAD-ты құрайтын америкалық тауарларға 25% баж салығы енгізілетінін атап өтті. Оның айтуынша, бұл канадалық компанияларға бейімделуге мүмкіндік береді.

— Жауап ретінде біз провинциялармен және аумақтармен бірлесе отырып, кедендік баждарды енгізуге байланысты емес бірнеше шараны, соның ішінде маңызды минералдар мен энергия ресурстарын жеткізуге, сондай-ақ серіктестіктің басқа түрлеріне қатысты шараларды қарастырамыз, — деп қосты ол.

АҚШ президенті Дональд Трамп сенбіде Канададан энергия импортына 10% және басқа тауарларға 25% баж салығын енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Аталмыш шаралар 4 ақпаннан бастап күшіне енеді.

Мексика президенті Клаудия Шейнбаум экономика министріне қорғаныс шараларын қамтитын «В жоспарын» құруды тапсырды.

— Мексика қарсыласуды қаламайды. Біз көрші елдер арасындағы ынтымақтастықтан бастаймыз. Мексика фентанилдің АҚШ-та ғана емес, басқа жерде де болғанын қаламайды, — деп қосты ол.

Сонымен бірге, Шейнбаум «егер АҚШ есірткі сатумен айналысатын және зорлық-зомбылық тудыратын қылмыстық топтармен күрескісі келсе» бірлесіп жұмыс істеу керек екенін атап өтті.

— Осы мақсатта мен президент Трампқа Денсаулық сақтау және қауіпсіздік саласындағы ең жақсы мамандардан тұратын жұмыс тобын құруды ұсынамын, — деп атап өтті ол.

Шейнбаумның айтуынша, проблемалар «тарифтерді енгізу арқылы емес, келіссөздер мен диалог арқылы шешіледі».

Осыған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп сенбі күні Мексикаға 25 пайыз, Канадаға 25 пайыз, Қытайға 10 пайыздық баж салығын енгізетіні хабарланды.

Соңғы жаңалықтар