Трамп пен Зеленский Рим папасын жерлеу алдында «нәтижелі» сөйлесті

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп Рим Папасы Францискті жерлеу рәсімі алдында Украина президенті Владимир Зеленскиймен «өте нәтижелі әңгіме» өткізді, деп жазады ВВС.

Трамп и Зеленский «продуктивно» поговорили перед похоронами Франциска
Фото: MANDEL NGAN | SCANPIX, MANDEL NGAN

Ақ үйдің коммуникациялар жөніндегі директоры Стивен Чунг президенттердің «жеке кездескенін» айтты. Ол кейінірек толық мәлімет беруге уәде берді.

BBC тілшісі Пол Кирби Дональд пен Мелания Трамптың Украинаның екі бірдей жақтаушысы — Эстония президенті Алар Карис пен Финляндия президенті Александр Стаббтың арасында отырғанын айтты.

Жерлеу рәсіміне келгендерге арналған орындар француз тіліндегі елдің атауы бойынша алфавиттік тәртіппен берілген.

Sky News хабарлағандай, Трамп пен Зеленский Ватиканда Рим Папасы Францискті жерлеу рәсімінен кейін қосымша келіссөз жүргізуге келісті.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің барысы туралы хабарлаған.

Соңғы жаңалықтар