Трамп Ресей мен Солтүстік Кореяға неліктен баж салығын енгізген жоқ
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ әкімшілігі импорттық өнімдерге баж салығын енгізетін елдер тізімінде Ресей, Солтүстік Корея және басқа да елдер жоқ.

Ақ үй Ресей, Беларусь, Куба және КХДР-ға неліктен баж салмағанын түсіндірді.
Баспасөз хатшы Кэролайн Ливитт сәрсенбіде Axios-қа Ресейдің тізімнен шығарылғанын, өйткені АҚШ санкциялары «кез келген маңызды сауданы жоятынын» хабарлады.
- Алайда АҚШ әлі де Трамптың тізімінде болған Маврикий немесе Бруней сияқты елдермен салыстырғанда Ресеймен көбірек сауда жасап жүр, - деп жазды Axios.
Тізімге тіпті Токелау (халық саны 1500 адам) және Шпицберген (халқы 2500) сияқты шалғай арал аумақтары – сәйкесінше Жаңа Зеландия мен Норвегия аумақтары енгізілген.
Ливитт атап өткендей, Куба, Беларусь және Солтүстік Корея да тізімге енгізілген жоқ, бұған оларға қарсы қолданыстағы тарифтер мен санкциялар тым жоғары болуы себеп.
Бұған дейін Дональд Трамп сыртқы сауда-экономикалық тәжірибе ұлттық төтенше жағдай тудырғанын мәлімдеп, АҚШ экономикасы мен америкалық жұмысшыларды қорғау үшін жауап тарифтерін енгізу туралы жарлық шығарды.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің АҚШ-тың бірқатар тауарға жаңа кедендік баждар енгізуіне қатысты мәлімдемесі жарияланды.
Әлем көшбасшылары Трамп енгізген тарифтерге қалай қарайтынын жазған болатынбыз.