Трамп Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келісімге қол қоюға шақырды

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путиннің Украинаға шабуылдарын тоқтататынына үмітті екенін айтты. Бұл туралы Анадолы хабарлады.

Трамп Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келісімге қол қоюға шақырды
Фото: Анадолы

АҚШ президенті Трамп Ақ үйде Норвегия премьер-министрі Йонас Гармен кездесу барысында Ресейге қатысты журналист сұрағына жауап берді.

«Путин Украинаға қарсы шабуылдарын тоқтатады деп сенесіз бе?» деген сұраққа Трамп «Иә, сенемін» деп жауап берді.

Трамп Ақ үйде Норвегия премьер-министрі Сторемен түскі ас алдында журналистерге қысқаша мәлімдеме жасады.

Ресей мен Украина арасындағы процестің келісіммен аяқталуына қатысты ойын айтты.

— Менің бұл мәселеге қатысты нақты мерзімім бар, біз оның тез жүзеге асқанын қалаймыз, — деді.

АҚШ президенті Трамп Truth Social әлеуметтік медиаплатформасында Киевке жасалған шабуыл туралы хабарлама жариялады.

Ресейдің Киевке жасаған шабуылына көңілі толмайтынын айтып, Трамп «Владимир, тоқта. Аптасына 5 мың сарбаз қаза тауып жатыр» деп жазды.

Президент бейбіт келісімге қол қоюға шақырды.

 

Соңғы жаңалықтар