Трамп Римде өтетін Папа Францисктың жерлеу рәсіміне қатысады

ВАТИКАН. KAZINFORM — АҚШ Президенті Дональд Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында Римде өтетін Рим Папасы Францисктың жерлеу рәсіміне қатысу ниеті барын мәлімдеді, деп жазды BBC.

Трамп
Фото: Анадолы

— Мелания екеуміз Папа Францисктың жерлеу рәсіміне Римге барамыз, — делінген хабарламада.

Бұл сапар Трамптың АҚШ президенті қызметіне қайта кіріскеннен кейінгі Еуропаға алғашқы ресми сапары болуы мүмкін.

Жерлеу рәсімінің нақты күні әлі жарияланған жоқ, бірақ қалыптасқан дәстүр бойынша, понтифик қайтыс болғаннан кейін 4–6 күн ішінде өткізіледі.

Франциск дүйсенбі, 21 сәуір күні дүниеден өтті.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Рим Папасы Францисктің қазасына байланысты көңіл айтты.

Президент Рим Папасы Франциск әлем халқының есінде бейбітшіліктің жақтаушысы ретінде қалатынын айтты.

 

Соңғы жаңалықтар