Трамп сайланған президент ретінде алғашқы шетелдік сапарын Парижден бастамақ

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп өзінің алғашқы шетелдік сапарын демалыс күндері Парижге жасайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды NBC News-ке сілтеме жасап.

Дональд Трамп и Макрон
Фото: Anadolu Agency

«Мен сенбі күні Парижге, Францияға бес жыл бұрын жойқын өрттен кейін толығымен қайта салынған керемет және тарихи Нотр-Дам соборының қайта ашылуына қатысатынымды мақтанышпен хабарлаймын», - деп жазды Дональд Трамп «Truth Social»-дағы жазбасында. 

Тарихи собор 2019 жылдың сәуірінде өрттен зардап шекті және содан бері қайта жөндеуден өтіп жатыр. Қалпына келтіру жұмыстары ұзақ жылдар бойы жалғасып отырғанына қарамастан, Нотр-Дам келушілерді 7 желтоқсанда қарсы алуы тиіс.

Ғимараттың Солтүстік мұнарасындағы сегіз қоңыраудың дыбысы собор 8 желтоқсанда көпшілікке есігін ашқанға дейін естілді

Франция президенті Эмманюэль Макрон сол күні сөз сөйлеп, 8 желтоқсанда Париж архиепископы Лоран Ульрих бастаған мессаға қатысады деп күтіліп отыр.

Өткен айда Дональд Трамптың сайлаудағы жеңісінен кейін француз көшбасшысы оны X әлеуметтік желісінде құттықтауға асықты.

«Біз төрт жыл бойы жасағанымыздай бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз. Сіздің және менің сенімдеріммен. Құрметпен және амбициямен. Үлкен бейбітшілік пен өркендеу үшін», - деп жазды Эмманюэль Макрон. 

Бұған дейін Макрон жөндеу жұмыстары аяқталған соң Нотр-Дам соборында болған.

Соңғы жаңалықтар