Трамп трансгендерлерге спорттан әйелдер арасындағы жарысқа қатысуға тыйым салды

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президенті трансгендер спортшыларға әйелдер арасындағы спорттық жарыстарға қатысуға тыйым салатын жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ВВС.

Трамп трансгендерлерге спорттан әйелдер арасындағы жарысқа қатысуға тыйым салды
Фото: currenttime.tv

Жарлық көбіне мектеп, университет және әуесқой жарыстарға қатысты болады.

- Бұдан былай әйелдер спорты тек әйелдерге арналады. Осы жарлықпен әйелдер спортына қарсы соғыс аяқталады, - деп мәлімдеді Трамп құжатқа қол қояр алдында.

Ол сондай-ақ АҚШ трансгендер спортшыларға виза беруден бас тартатынын айтты.

Трамп сондай-ақ Халықаралық Олимпиада комитетін 2028 жылы Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарына дейін трансгендер спортшыларға қатысты ережелерін өзгертуге көндіретінін мәлімдеді.

Бұған дейін Трамп АҚШ үкіметі тек екі жынысты – еркек пен әйелді ресми түрде танитынын мәлімдеген болатын. 

Соңғы жаңалықтар