Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Трамп Түркиядағы НАТО саммитінен кейін ұшағын ауыстырды

АСТАНА.KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп шілдеде Түркияда өткен НАТО саммитінен кейін өзіне төнген қауіпке байланысты елдің қауіпсіздік қызметі оны басқа ұшаққа жасырын ауыстырғанын растады. Бұл туралы агенттіктің Вашингтондағы тілшісі хабарлады.

Трамп Түркиядағы НАТО саммитінен кейін ұшағын ауыстырды
Фото: АПА

Трамптың айтуынша, бұл шешімді АҚШ Құпия қызметі мен әскери қызметкерлер қабылдаған.

— Құпия қызмет пен әскерилерге бағынамын. Олар басқа ұшақпен ұшқанымды қалады. Олардың айтқанын жасадым. Меніңше, қандай да бір қауіп болған. Шынымды айтсам, мен бұл туралы сұраған да жоқпын. Маған жиі қауіп төнеді, — деді Дональд Трамп.

Gulf News мәліметінше, Трамп НАТО саммитінен кейін президенттің Air Force One ұшағына отырғандай көрінген. Алайда кейбір ақпаратқа қарағанда, бұл ұшақ әдейі алдау мақсатында пайдаланылған.

Ал Трамптың өзі Анкара әуежайында жасырын түрде басқа ұшаққа отырған.

Еске салайық, бұған дейін Анкарадағы НАТО саммитінде бұрын-соңды болмаған қауіпсіздік шаралары қабылданғанын хабарланғанбыз.