Трамп жанармай құю станцияларын бензин бағасын төмендетуге шақырды

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп бүкіл ел бойынша жанармай құю станцияларының иелерін бағаны төмендетуге шақырып, егер төмендетпесе, салдары ауыр болуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Вашингтондағы тілшісі.

Трамп пригрозил владельцам АЗС из-за высоких цен на бензин
Фото: parkerskitchen.com

— Бензин сатушылар бағаны дереу төмендетуі керек! Қазіргі уақытта мұнайдың баррелі 68 долларды құрап, төмендеуді жалғастырып жатқанын ескерсек, олардың қойып отырған бағалары тым жоғары, — деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.

АҚШ президенті сатушылар бұл мәлімдемеге тез арада жауап беріп, дұрыс әрекет етуі керек екенін атап өтті.

— Егер сатушылар мұны істемесе, олар үлкен қиындыққа тап болады! Галлонына шамамен 2,50 доллар баға ұстаңдар, — деп қорқытты Трамп.

Сонымен қатар, Ақ үй басшысы Калифорнияның бензинге салынатын салық саясатын сынға алды.

Бұған дейін АҚШ-та бензиннің орташа бағасы рекордтық деңгейге жеткен болатын.