Транскаспийлік талшықты-оптикалық байланыс желісі қашан іске қосылады

АСТАНА. KAZINFORM – Транскаспийлік талшықты-оптикалық байланыс желісі 2026 жылдың 3-тоқсанында іске қосылады. Бұл туралы бүгін жыл қорытындысына орай БАҚ өкілдерімен кездескен Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев айтты.

Каспий теңізінің түбімен Қазақстаннан Әзербайжанға тартылатын талшықты-оптикалық байланыс желісі
Фото: freepik

- Каспий теңізі табанымен Транскаспийлік талшықты-оптикалық байланыс желісі жобасы қазіргі уақытта қарқынды жүргізіліп жатыр. Оны келесі жылы аяқтауды күтіп отырмыз. Келесі жылдың үшінші тоқсанында Транскаспийлік талшықты-оптикалық байланыс желісі жобасы іске қосылады. Қазақтелеком мен Әзертелеком арасындағы жоба интернет трафик транзитін дамытуда сигнал іркілісін қысқартып, Қазақстан интернет трафигін транзиттауда маңызды рөл атқаратын болады, - деді министр.

Оның атап өтуінше, қазірдің өзінде Транскаспийлік талшықты-оптикалық байланыс желісіне өзге елдер қызығушылық танытып, желіге қосылуға ниет танытып отыр.

- Яғни, бұл желінің қажеттілігін көріп отырмыз. Қазірден-ақ сұраныс байқалуда, - деді Жаслан Мәдиев.

Бұған дейін Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы алғашқы суасты байланыс желісі өтетін теңіз түбін зерттеу бастағанын жазған едік. 



Соңғы жаңалықтар