Транскаспийлік талшықты-оптикалық байланыс желісі қашан іске қосылады
АСТАНА. KAZINFORM – Транс-Каспий талшықты-оптикалық байланыс желісі аясында 390 шақырым кабель төселді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлім етті.
- Заманауи телеком-инфрақұрылымды дамытуға тоқталсақ, негізгі жобалар бойынша жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Транс-Каспий талшықты-оптикалық байланыс желісі бойынша Әзербайжанның Сумгаит жағалауынан Ақтауға дейін 390 шақырым кабель төселді. Желіні осы айда іске қосу жоспарланған, - деді Ж.Мәдиев.
Еске салсақ, Каспий теңізі табанымен Транскаспийлік талшықты-оптикалық байланыс желісі жобасы қарқынды жүргізіліп жатқанын жазған едік.
Қазақтелеком мен Әзертелеком арасындағы жоба интернет трафик транзитін дамытуда сигнал іркілісін қысқартып, Қазақстан интернет трафигін транзиттауда маңызды рөл атқаратын болады