Транспарентті есеп беретін мемлекетті құру сыбайлас жемқорлықты азайтады - Н.Назарбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бес институционалдық реформа мемлекеттің ары қарайғы дамуы мен халықтың жағдайын арттыруға бағытталған, деп атап өтті ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев
None
None

«Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында. «Менің сайлауалды бағдарламамда 5 институционалдық реформа болды. Қайталап айтамын, біз әрі қарай өсу үшін жаңа бағыт қажет болатын белгілі бір даму деңгейіне жеттік.

Адамдардың табысы бір адамға шаққанда жылына 13-14 мың долларды құрайтын деңгейге жеткенде тоқталып қалады. Осыдан қалай өтеміз, яғни біздің барлық ресурстарымыз: саясатымыз, заңдарымыз - тежеліп қалды, сондықтан бізге әрі қарай ілгерілеу қажет», - деді Н.Назарбаев. Мемлекет басшысы бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадамның - Ұлт жоспарының ұсынылғанын атап өтті. «Бұл 100 қадам аталған шараларды жүзеге асыруға бағытталған. Оның әр бөлімі бойынша комиссия құрылған. Егер халыққа қызмет ететін адал мемлекеттік қызмет болатын болса, экономиканың да жағдайы жақсарады. Онда мемлекет болмауы тиіс. Бизнеске еркіндік беру керек. Егер дұрыс жұмыс жасайтын сот болса, барлық мәселелер мен дау-дамайлар бұрынғыдай аудандық, облыстық комитеттерде емес, соттарда шешіледі, сонда экономика дамиды», - деді Н.Назарбаев. Мемлекет басшысы сондай-ақ төртінші бөлімнің - Біртекті болашақ ұлтының маңыздылығын атап өтті. «Біз - көпұлтты мемлекетпіз, тарихи солай қалыптасты, мұны біз кемшілігімізге емес, жетістігімізге айналдыруға тиіспіз. Барлық адамдар Қазақстан азаматтары ретінде танылуы тиіс. Егер әркім мемлекеттік қызметке ұлтына, көзінің түсіне т.с.с. қарамай, еткен еңбегіне қарай алынатын болса, сот жүйесі де солай жұмыс жасайды, бизнес те еркін болады, бұл сәйкестікті тудырады», - деді ҚР Президенті. Н.Назарбаев транспарентті есеп беретін мемлекетті құру сыбайлас жемқорлықты азайтатынын айтты. «Бесінші бағыт елдегі барлық билік өкілеттіліктерін Президенттен - Үкіметке, Парламентке, Үкіметтен - жергілікті органдарға, облыс басшыларынан - жергілікті өзін-өзі басқаруға бөлістіруді талап етеді», - деп атап өтті Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті ұсынылған реформалар халық тарапынан кеңінен қолдау тапқанын атап өтті.

«Бұл өте ауқымды жұмыс. Мен оны сайлау алдында сайлауалды тұғырнамам ретінде арнайы жария еттім. Мен осы жасыма жеткенде, осынша жыл президент болғанымнан кейін өзіме жүктеп отырған осы реформаларды жүзеге асыруда халық мені қолдаса, демек, менің аса байыпты істі қолға алғаным. Сайлау нәтижелері мұндай қолдаудың бар екенін көрсетті», - деп түйіндеді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар