Трансшекаралық мәселелерді шешуде Қытай Қазақстанның мүддесін толық ескереді ? Қытай елшісі

АСТАНА. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қытай мемлекеті Қазақстанның Ертіс өзеніне қатысты туындап отырған мәселеге алаңдаушылығын жақсы түсінеді.
None
None
Осыған орай аталмыш мәселеге байланысты Қазақстанның мүддесін толық ескереді. Бұл туралы бүгін Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұрбах Рүстемовпен кездесуі барысында Қытай Елшісі Чэн Гопин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қытайлықтар қазақстандықтардың Ертіс өзенінің төменгі сағасын пайдаланудағы мүдделерін қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Бұған Қытай елі мүдделі. Өйткені біз мұндай мәселелердің екі елдің арасындағы қарым-қатынасына сызат түсіруін қаламаймыз. Сондықтан біз аталған проблеманы өзгелермен кеңесе отырып, барынша ашық әрі жариялы түрде шешеміз. Қорыта айтқанда, Қытай бұл мәселеде Қазақстанның мүддесіне ешқандай да кедергі келтірмейді», - деді Елші.
Соңғы жаңалықтар