Тропикалық «Харви» дауылы Канадаға бағыт алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тропикалық деңгейге дейін бәсеңдеген «Харви» дауылы сәрсенбі немесе бейсенбі күні Канаданың атлантикалық жағалауына қарай бағыт алады, деп хабарлайды ТАСС агенттігі канадалық дауылдарды бақылау орталығына сілтеме жасап.
None
None

Дауылдың негізгі соққысы Новая Шотландия, Ньюфаундленд және Лабрадорға жасалады деп күтілуде.

«Дауыл өзімен бірге соңынан екпінді желге ұласатын нөсер жауын ала келеді», - деп ескертті метеорологтар. Сенбі күні түнде Техас штатында болған «Харви» дауылы соңғы 12 жыл ішінде АҚШ-та болған ең қуатты дауыл болып тіркелді. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, 10-нан астам адам  күтпеген апаттың құрбаны  болды. Соңынан ол тропикалық дауыл деңгейіне дейін бәсеңдеген. 

Соңғы жаңалықтар