Цифрлық қала құрылысы кадастры ел бойынша кеңейтіліп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Қала құрылысы кадастры жүйесі еліміздің 89 қаласында сынақ кезеңінен сәтті өтті. 

 госкадастр
Фото: pixabay

— 2026 жылдың І жартыжылдығында Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (МҚҚК ААЖ, қала құрылысы кадастры) арқылы еліміздің барлық аумағында мемлекеттік қызметтер көрсетуге қолжетімділікті қамтамасыз ету жоспарланған.

Осыған байланысты қазіргі уақытта бірқатар дайындық іс-шара кешені, оның ішінде ақпараттық қауіпсіздік, бизнес-процестерді оңтайландыру және масштабтау кезінде жүйенің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде, — делінген Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің хабарламасында. 

Айта кету керек, Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы бастапқы-рұқсат беру құжаттамасын ұсыну мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етеді әрі нормативтік қала құрылысы регламенттерінің бұзылуына жол бермейді. 

Қала құрылысы кадастры жүйесі еліміздің 89 қаласында сынақ кезеңінен сәтті өтті.

2024 жылдың 9 желтоқсанынан 2026 жылғы 20 ақпан аралығында пилоттық жұмыс барысында жергілікті атқарушы органдар тарапынан 160 мыңға жуық өтінім қаралды, оның ішінде сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру (реконструкция кезінде/жаңа құрылыс салу үшін) бойынша 98 мың өтінім және эскиздік жобаны келісу бойынша 61 мың өтінім берілді.

Айта кетелік Қазақстанда барлық қала құрылысы жобалары бойынша міндетті сараптама енгізіледі

Соңғы жаңалықтар
Референдум