Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Туған тілім-тірегім» тақырыбында жас ақындар мүшәйрасы өтті - Қызылорда

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қармақшы аудандық «Жыраулар үйінде» аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және аудандық «Жыраулар үйінің» ұйымдастыруымен «Туған тілім - тірегім» атты аудандық жас ақындар мүшәйрасы өткізілді, деп хабарлады аудандық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

«Туған тілім-тірегім» тақырыбында жас ақындар мүшәйрасы өтті - Қызылорда

Жазба ақындар мүшәйрасының басты мақсаты мен міндеттері: Жастардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Сондай-ақ дарынды жастарды қолдау, шығармашылығын дамыту, жастардың талантын шыңдау және оларды ынталандыру.

Мүшәйраға аудан мектептері мен аграрлық-техникалық колледжінен 19 талапкер қатысты. Қазылар алқасында Құлдүйсенов Әбдірахман - «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы, Алтай Үсенов - ақын, аудандық «Қармақшы таңы» газетінің редакторы, Айдаров Серік - аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы талапкерлерге әділ бағасын берді. Нәтижесінде Бас жүлде - Кеңшілікова Гүлфариза /№30 мектеп/, І орын - Теңелбаева Толқын /№80 мектеп/, ІІ орын - Қасым Нұрай /№185 мектеп/, ІІІ орынды Сақтапберген Арман/ №26 мектеп/ және Төлегенова Мөлдір /№183 мектеп/ өзара бөлісті. Тағы да ұйымдастыру алқасы дайындаған «Тіл шебері» аталымы - аграрлық-техникалық колледжінің ІІ курс студенті Арыстанбекова Аймерекеге, «Ұшқыр ой» - №121 мектеп оқушысы Амантай Әдеміге, «Үздік шығарма» аталымының жүлдесі №27 мектеп оқушысы Тойбазарова Дилбназға бұйырды. Қалған 11 талапкерлер мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің арнайы Алғыс хаты және сыйлықтарымен марапатталды.