Түлектердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кезекшілік ұйымдастырылды - ҚР БҒМ

Бұл туралы аталған ведомствоның мәліметінде хабарланды.
Атап айтқанда, 2013 жылы жалпы білім беретін мектептерді тәмамдайтын 11-сынып түлектерінің саны 143 мыңнан астам. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін 99 815 түлек өтініштерін берді (2012 ж. - 117 333). 2012-2013 оқу жылының қорытындысы бойынша «Алтын белгi» белгісіне үміткер 4678 түлек бар (2012 ж. - 5840).
Бүгінгі күні республика мектептерінде салтанатты жиындар, мерекелік концерттер, жалпы мектепішілік мерекелер, «Ағаш отырғызу» акциялары, ашық есік күні, мектеп бітірушілер кештері өткізіледі. Мектеп мерекелеріне педагогикалық еңбек ардагерлері, ата-аналар, демеушілер, қоғамдық ұйымдар өкілдері шақырылды.
Түлектердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында педагогтар мен ата-аналар қоғамы, құқық қорғау органдары, өртке қарсы қызмет өкілдерінің қатысуымен кезекшілік ұйымдастырылды.