Түлектердің 40 пайызы мамандық бойынша жұмыс істемейді – Саясат Нұрбек

АСТАНА. KAZINFORM – Мамандық бойынша жұмыс істеп жүрген түлектердің үлесі шамамен 60%-ды құрайды. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті.

Саясат Нұрбек
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Министрдің айтуынша, биыл 193 мыңнан астам түлек оқуын аяқтайды. Оларды жұмыспен қамту мақсатында кешенді жоспар іске асырылып жатыр. Жыл басынан бері 100-ден астам бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылған.

– Жалпы біздің ақпаратымыз бойынша 40 пайызға жуық түлек алған мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Түрлі себептер бар. Жалпы қысқа жауап осы, – деді министр.

Бұған дейін елімізде студенттер саны қанша екенін жазғанбыз.

Сонымен қатар 2026–2027 оқу жылына жоғары білімді кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі өткен жылдар деңгейінде сақталады.