21 ақпанда қазақстандықтарға қар, бұрқасын, тұманға байланысты ескерту жасалды

АСТАНА. KAZINFORM — Синоптиктер 21 ақпан күні бүкіл Қазақстан бойынша қар жауып, тұман басып, бұрқасын болатынын мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Штормовая погода снова прогнозируется по всему Казахстану
Фото: pixabay

Астанада 21 ақпан күні күндіз қар, боран күтіледі. Жел шығыстан және оңтүстік-шығыстан соғып, екпіні 15-20 м/с болады.

Ақмола облысының батысында және оңтүстігінде түнде қар, боран күтіледі; облыстың батысында кейде қатты қар жауады, күндіз қар, боран, оңтүстігінде және шығысында кейде қатты қар жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман болады. Жел шығыстан және оңтүстік-шығыстан соғып, екпіні 15-20 м/с, облыстың батысы, солтүстік және шығысында кейде 23-28 м/с болады.

Ұлытаудың аймағында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ, солтүстігі мен шығысында қатты жауын күтіледі; күндіз солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ болады. Солтүстік, шығыс және облыстың орталығында тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін батысқа ауысады, облыстың солтүстігі мен шығысында түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, шығысында және оңтүстігінде кейде 23 м/с дейін жетеді.

Қарағанды облысының батысында түнде қар, боран күтіледі; күндіз қар, боран, солтүстік және шығысында қатты қар жауады. Күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ болады. Солтүстік, шығыс және оңтүстігін тұман басады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін батысқа ауысады, облыстың батысы, оңтүстігі және ортасында 15-20 м/с, кейде екпіні 25 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман болады.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кейде тұман болады.

Атырау облысының солтүстігі мен шығысында жаздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын боран, көктайғақ күтіледі. Батысында және оңтүстігінде тұман болады. Жел солтүстік-батыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-18 м/с.

Ақтөбе облысының батысы, солтүстігі, шығысында көктайғақ болады. Жел батыстан және оңтүстік-батыстан соғады; Мұғалжар ауданында түнде екпіні 15-18 м/с дейін барады.

Жетісу облысының шығысы мен таулы аймақтарында таңертең және күндіз кейде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, облыстың батысы, шығысы, орталығы мен таулы аймақтарында екпіні 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с дейін жетуі мүмкін. Алакөл көлдері аймағында жел оңтүстік-батыстан соғып, кейде 30 м/с дейін ұйытқиды.

Алматы облысының таулы аймақтарында күндіз кейде қатты қар жауады. Солтүстік, оңтүстік және таулы аймақтарда кейде тұман, жолдарда көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан соғып, кейін батысқа ауысады; облыстың батысы мен шығысында күндіз екпіні 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с дейін жетеді.

Қызылорда облысының орталығында және солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел батыстан соғып, түнде 15-20 м/с, күндіз облыстың шығысында 15-20 м/с дейін барады.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде күндіз аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-шығысқа ауысады; облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде түнде және күндіз қар, боран күтіледі. Оңтүстігінде тұман болады. Жел шығыстан соғып, екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігі, оңтүстігі, батысында кейде 23-28 м/с дейін ұйытқиды.

Абай облысының батысы, оңтүстігі және орталығында күндіз қар, боран, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігі, оңтүстігі және орталығында тұман болады. Жел солтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады; облыстың батысы, оңтүстігі және орталығында екпіні 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с болады.

Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде күндіз жел шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Қостанай облысында қар, боран күтіледі; түнде және таңертең оңтүстік пен шығысында қатты қар жауады. Облыстың батысы, солтүстігі және шығысында тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады; облыстың солтүстігі, оңтүстігі және шығысында екпіні 15-20 м/с, кейде 23 м/с.

Түркістан облысында жел батыстан және солтүстік-батыстан соғады; облыстың батысы, солтүстігі, оңтүстігі мен таулы аймақтарында 15-20 м/с, кейде екпіні 23-28 м/с. Таулы өткелдерде түнде және таңертең кейде жылдамдығы 30 м/с-ден асуы ықтимал.

Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі және шығысында түнде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі; күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігі мен шығысын тұман басады. Жел батыстан-оңтүстік-батыстан соғып, күндіз облыстың батысы, солтүстігі, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Бұдан бұрын ҚазАвтоЖол бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум