Тұман, көктайғақ: ТЖМ жүргізушілерге ескерту жасады
АСТАНА. KAZINFORM - Еліміздің басым бөлігінде r8y жауын-шашынсыз болады. Батыста жаңбыр жауып, солтүстікте қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Республика бойынша тұман мен көктайғақ болуы ықтимал.
Күндізгі ауа температурасы:
батыста және солтүстік-батыста +15…+25°C,
солтүстікте және шығыста +10…+17°C,
орталықта +13…+24°C,
оңтүстікте +30°C дейін,
оңтүстік-шығыста +18…+27°C.
Сондай-ақ бүгін еліміздің бес қаласында ауа ластанаты туралы жаздық.