Тұман, көктайғақ: Қазақстанның 13 өңірі мен Астанада ескерту жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM - Синоптиктер еліміздің аймақтарында күн райына байланысты ескерту жасады.
«Қазгидромет» РМК-ның болжамына қарағанда, 16 наурызда Астанада түнде және таңертең тұман түседі.
Абай облысының батысында, солтүстігінде және орталығында түнде және таңертең қар жауып, жаяу бұрқасын мен көктайғақ болады. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-шығысқа ауысады. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында желдің жылдамдығы 15–20 м/с жетеді.
Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін солтүстік-шығысқа ауысады. Күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде желдің екпіні 15 м/с-қа дейін күшейеді.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады.
Атырау облысының шығысында түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында шаңды дауыл тұруы мүмкін. Жел шығыс және оңтүстік-шығыс бағыттан соғып, екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең қар жауып, жаяу бұрқасын және көктайғақ болады. Өңірдің солтүстік және шығыс бөлігінде тұман түседі.
Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман болады. Солтүстік-шығыс желі облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аймақтарында 15–20 м/с-қа дейін күшейіп, күндіз екпіні 23 м/с-қа жетуі мүмкін.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі. Жел шығыс және оңтүстік-шығыс бағыттан соғып, күндіз екпіні 15–20 м/с болады.
Қостанай облысының аумағында тұман түседі.
Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыс және шығыс бағыттан соғып, күндіз облыстың орталығы мен шығысында 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Маңғыстау облысы солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыс желі 15–20 м/с-қа дейін күшейіп, күндіз кей жерлерде екпіні 23 м/с-қа жетеді.
Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында түнде көктайғақ болуы мүмкін. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі.
Түркістан облысы батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман болады. Солтүстік-шығыс желі облыстың батысында, оңтүстігінде және таулы аймақтарында 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Осыған дейін еліміздің көп бөлігінде тұман түсіп, жел күшейетіні туралы жаздық.